Қызылорда облысындағы бүтін бір ауыл ауыз суға жарымай келеді

Автор: Azattyq Rýhy

Проблеманың шешілуін «Nur Otan» партиясы өз бақылауына алды

Egemen.kz

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Байкенже ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері таза ауыз суға жарымай келеді. Жергілікті биліктен қайыр болмаған соң ауыл халқы «Nur Otan» партиясына арызданған.

Жұртты толғандырған мәселе меморгандар өкілдерімен бірге өткен партияның облыстық бақылау комиссиясының отырысында қаралды. Осыған орай, салынып жатқан «Арал» бірлескен кәсіпорны дирекциясының директоры Алтынбек Есенов Жаңақорған ауданындағы су құбыры құрылысының аяқталғанын атап өтті. Алайда, негізгі бас тоған осы жылдың желтоқсанында ғана іске қосылатындықтан, дәл қазіргі уақытта су беру мүмкіндігі жоқ.

Партиялық бақылау комиссиясы су құбыры қосылғанға, яғни осы жылдың 20 тамызына дейін тұрғындарды су таситын көліктермен болса да, уақытша таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде аудандық әкімшілікке тапсырма берді.

Бұл мәселе партияның облыстық филиалының ерекше бақылауына алынды.