«Маған ренжімеңіздерші»: «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ол Happy Sad Confused подкасына сұхбат берген

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

«Борат» деген фильмі арқылы Қазақстанды жаман кейіпте көрсеткен британ комиксі Саша Барон Коэн қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оның бұл видеосын журналист Ақсәуле Әлжан әлеуметтік желісіне жүктеген.

Ал подкастағы оның сөзін тыңдасақ комикс бұл кино мүлде Қазақстан туралы емес дегенді мәлімдеген. Яғни, Борат деген кейіпкер Қазақстандағы шынайы оқиғаға да, оның азаматтарына да қатысты емес дейді ол.

«Мен бұл елдің халқы сөйлейтін тілді келтіре алмайды екенмін. Сіздер Боратқа мүлде ұқсамайсыздар. Өтінемін, қазақстандықтар маған ренжімеңіздер. Мен сіздерді құрметтеймін. Шын мәнінде Бораттың образы Қазақстанға түк қатысы жоқ кейіпкер», - деген ол.

Тегтер: