Сол сияқты пропан мен бутанды да шетелге шығаруға жарты жылға дейін тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда сұйытылған газды көлікпен және вагонмен шетелге шығаруға салынған тыйым алты айға ұзаруы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Энергетика министрлігі «Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасын 11 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарды.
Сұйытылған газдан бөлек, пропан мен бутанды да шетелге шығаруға жарты жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.
«Бұл шара Қазақстан Республикасының ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз етуге бағытталған», – делінген құжатта.