Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршіп бара ма: соңғы үш жылда мыңдаған бозбала сотталған

Автор: Асыл Арман

Соңғы үш жылда 7 мыңға жуық жасөспірім қылмыс жасаған, олардың әрбір екіншісі ауыр және аса ауыр қылмысқа барған

Фото: pixabay.com

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс үдеп барады. Бас прокуратура соңғы үш жылдағы адам шошырлық статистиканы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратурада балалардың қауіпсіздігі және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері қаралып, оған премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Закиева, президенттің көмекшісі Елдар Толғанбаев, облыс прокурорлары мен әкімдері қатысты.

Белгілі болғандай, соңғы үш жылда 7 мыңға жуық жасөспірім қылмыс жасаған. Ал ең сұмдығы, олардың әрбір екіншісі ауыр және аса ауыр қылмысқа барған.

«2,5 мыңға жуық жасөспірім сотталған, тағы 3 мыңы полицияның профилактикалық есебінде тұр. Тек биылдың өзінде буллинг фактілері бойынша 2 мыңнан астам өтініш түскен», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Отырыста Динара Закиева балаларды қорғаудың практикалық жолдарын айта отырып, 800 мыңнан астам баланың көмекке мұқтаж екенін атап өтті. 

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында 10 айда 19 мың рейд өтіп, 4 мың жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында көңіл көтеріп жүрген 2 400 бала анықталған. Сол сияқты 304 кафенің алкоголь сату лицензиялары кері қайтарылды. Осының арқасында жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейі 7%-ға төмендеді», – делінген хабарламада.