Астана әуежайы жолаушыларды бет-әлпетінен танып, тексеруден жылдам өткізуі мүмкін

Автор: Асыл Арман

Астана әуежайына биометриялық тексеру енгізілуі мүмкін

Фото: әуежайдың баспасөзі қызметі

Астананың халықаралық әуежайында жолаушыларды жасанды интеллект арқылы биометриялық тексеру басталуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоба 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

«Жоба Астана әуежайында жолаушыларға қызмет көрсету жұмысын жақсартуға арналған. Биометриялық аутентификация арқылы жобаны енгізу жолаушыларға қызмет көрсету ісін жеделдетуге, ұшу алдындағы рәсімдерден жылдам өтуге және Астана әуежайындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – делінген Ашық НҚА мәтінінде.

Жоба мәтініне назар аударсақ, бұл бастаманың әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдары жоқ.