Қазақстандықтар келесі жылы Құрбан айтта демала ма – мүфтият күнтізбе жариялады

Автор: Бақыт Шынар

Алдын ала есеп бойынша, 2027 жылы Құрбан айт 16-мамырда басталады

Фото: ЖИ

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы 2027 жылғы діни мерекелердің күнтізбесін жариялады. Алдын ала есеп бойынша, биыл Құрбан айт жексенбі, 16-мамырға тұспа-тұс келіп тұр. Ал діни мерекелердің күні демалысқа тарыса, ауыспайтындықтан, биыл қазақстандықтар Құрбан айтта демалмауы мүмкін, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалады. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күн шегерілуі немесе алға жылжыуы мүмкін», - деп ескертеді мүфтият.

Айта кетейік, Мүфтият 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда аяқталатынын мәлімдеді. Ал Ораза Айт 9-наурызда басталады.