Алдын-ала кесте: 2027 жылы Рамазан айы сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді

Автор: Бақыт Шынар

Мүфтият 2027 жылға арналған діни мерекелер күнтізбесін бекітті

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2027 жылы қасиетті Рамазан айы алдын ала есеп бойынша сегізінші ақпанда басталып, сегізінші наурызда бітеді. Ал Ораза айт 9-наурызда басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы 2027  жылдағы діни мерекелердің күнтізбесін жария етті.

Сол күнтізбеге сай, биыл Рамазан айы алдын ала есеп бойынша 8-ақпанда басталып, 8-наурызда бітеді. Қадір түні не бесінші, не алтыншы наурызға дөп түсуі мүмкін. Ораза айт 9-наурызда басталады.

«Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалады. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күн шегерілуі немесе алға жылжыуы мүмкін», - деп ескертеді мүфтият.