Әсіресе алаяқтарға алданғандардың жағдайы қиындай түспек
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті шетелге жұмыс іздеп кететін қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл ескертудің мәні – шетелдегі «жеңіл» жұмысқа алданып, алаяқтардың арбауына түсетін қазақстандықтарды қорғау.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шетелдегі жеңіл жұмыс туралы қызықты жарнамалар жиі тарап кетті. Осыған байланысты мынаны ескертеміз: мұндай ұсыныстардың көпшілігі Қазақстанда ресми тіркелмеген және құқықтық өрістен тыс әрекет ететін шетелдік делдалдар мен күмәнді ұйымдардан келеді», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
Осылайша, дереккөз жазып отырғандай, тексерілмеген интернет-ресурстар арқылы оңай ақша табуға ұмтылу көбінесе ауыр зардаптарға айналады.
«Отандастарымыз алданып, үлкен қаржылық шығындарға ұшырайды. Құқықтары бұзылып, шетелде үлкен қиындықтарға тап болу қаупі бар. Мұндай схемаларды ұйымдастырушылар көбінесе республикадан тыс жерлерде болады, бұл зардап шеккендердің құқықтарын қорғауды өте қиын етеді», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
Тоқетерін айтқанда, Еңбек министрлігі шетелде жеңіл әрі жалақысы көп жұмыс туралы кез келген жарнамаға сенуге болмайтынын ескертіп отыр.