Әкімдік биыл ондай болмайды дейді
Былтыр, 2025 жылы Республика күнінде Астанадағы аз қамтылған отбасыларға 4,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, сол кездің есебімен 17 694 теңге төленген еді. Биыл әкімдік бұндай арнаулы көмекті таратпайды.
Бұл туралы Azattyq Rýhy редакцияға телефон арқылы Астана әкімдігі баспасөз қызметініің қызметкері мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 25 қазанда ұлттық мереке – Республика күні тойланады. Биыл қазақстандықтар бұл мерекеде үш күн демалады.