Үкімет бүгінге дейін ауқаттыларға беріліп келген жәрдемақылардың қайсысы қысқаратынын жариялады
Үкімет жәрдемақылардың тізімі мен ол жәрдемақы нақты кімдерге тағайындалатыны туралы, олар қандай жағдайда тоқтап, қандай жағдайда қайта төлене бастайтыны туралы қаулының мәтінін жариялады. Қаулы 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Яғни, бұл жәрдемақылар ауқатты деп танылған азаматтар үшін 1 қаңтардан бастап тоқтайды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Сонымен, үкімет қаулысына сай, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әл-ауқаты жоғары санатқа жататын азаматтар мына жәрдемақыларды алмайды:
Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау тәртібі өзгереді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 39 мемлекеттік жәрдемақының 14 түрін отбасының әлеуметтік жағдайын ескере отырып беруді ұсынды. Ереже барлық азаматқа бірдей қолданылмайды, өзгерістер «Отбасының цифрлық картасы» арқылы әл-ауқаты жоғары деп танылған А және В санатындағы отбасыларға қатысты болып отыр. Өзгерістер туралы хабарламалар азаматтарға бүгіннен бастап SMS, eGov Mobile немесе банк қосымшасы арқылы келе бастайды.