Рақымшылық: әртүрлі қылмыс істеген 2600 адам бостандыққа шықты

Автор: Бақыт Шынар

Жаңа Конституцияға байланысты Қазақстанда рақымшылық жарияланған болатын

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда әртүрлі қылмыс бойынша сотталған 2621 адам рақымшылық арқылы бостандыққа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл азаматтар 2471 қылмыстық іс бойынша сотталған екен.

«2026 жылдың 1 шілдесінде «Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия жасау туралы» заң қабылданған болатын. Рақымшылық тек сотталғандарға ғана емес, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша тергеудегі адамдарға да қолданылады», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Айта кетейік, Қазақстанда қылмыстық рақымшылықтан бөлек, әкімшілік рақымшылық та жасалады.