Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады
7 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан азаматтардан 2 млн 480 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлемді 2 млн 227,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 138,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Еңбек министрлігі.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 480 мың өтінімнің ішінде:
Санаттар бойынша:
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.
2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.
Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.