Докторант диссертация тақырыбын бекіту мерзімін өзі анықтауға тиіс - министр
Қазір докторанттар оқудың бірінші семестрінде диссертация тақырыбын бекітулері керек
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов докторанттарға диссертация тақырыбын бекіту мерзімін өзі анықтауға мүмкіндік беру туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Көп ұзамай докторанттар да басқа студенттер сияқты жаңа оқу жылын бастайды. Бүгінгі нормативтік актілерге сәйкес докторанттар оқудың бірінші семестрінде диссертацияларының тақырыбын бекітулері керек. Бұл іс жүзінде ғылыми зерттеудің бағытын анықтауда қолайсыздық тудырады. Докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбын бекіту мерзімін жұмыстың пысықталуына қарай өздері анықтауы тиіс. Білім мен ғылымда формальды көзқарас болмауы керек! Бұл докторанттардың жеке оқу жоспарларын (ЖОЖ) бекіту мерзімдеріне де қатысты», - деп жазылған хабарламаа
БҒМ мұндай құжаттардың мерзімдері мен мазмұнын айқындамауы тиіс. Біз жоғары оқу орындарындағы есептілікті азайту үшін одан әрі жұмысты жалғастыратын боламыз», - деп жазылған хабарламада.