Астанада КешYou-дің 20 жылдық концертіне барғандар жанжалдасып, арты төбелеске ұласты

Автор: Махан Миражан

Оқиға Барыс арена стадионында болған

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Астанада 19 қыркүйек күні өткен КешYou-дің 20 жылдық концертіне келген көрермендердің бірі жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Оқиға «Барыс арена» стадионында болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан фан зонада тұрған екі жігіттің бір-бірімен ерегесіп қалғанын көруге болады. Артынша жағдайды бақылауға алған сол жердегі күзет қызметкерлері бұзақыны сыртқа алып шығады. Куәгерлердің сөзінше, оқиға концерт басталмай тұрып болған.

«Желіде тараған видеоларға көрермендер «Концерт алдындағы разогрев осындай болды», - деп пікір жазуда.

Бұл жағдайға қатысты Астана қаласы Нұра ауданы әкімдігі мәлімдеме жасады.

«Осы мәселе бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта құқық бұзушылардың жеке басын және болған оқиғанын барлық мән-жайын анықтау бойынша шаралар қабылдануды. Тексеру нәтижесі бойынша құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады мәлімдемесінде.