Сотта тұрғын үйдің қазіргі ахуалы сөз болды
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында қайғылы жағдай болған тұрғын үйдің басшысы әрі фельдшердің өлімі үшін жауап беретін басты күдіктіге айналған Сәуле Жұбаниязова жауап берді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның сөзінше, тұрғын үйде қабырға мен төбенің арасында жарықтар пайда болған.
«Мен екінші подъездің бесінші қабатында тұрамын. Анам және екі балам менімен бірге тұрады. Осыдан екі апта бұрын түнде біртүрлі дыбыс естідім. Қарасам, үйдің қабырғасы мен төбесінде сызат пайда болыпты. Тоғызыншы қабаттағы көршіме бардым, ол да қабырғасында жарықтардың барын айтты», - деді ол.
Сәуле Жұбаниязова жарықтарды көріп шошыған соң ТЖМ қызметкерлерін шақырғанын айта кетті.
«Жексенбі күні үйге ТЖМ қызметкерлерін шақырып, бірінші подъездің белгілі бір бөлігін қоршап тастауын сұрадық. Себебі қазір онда апат үдейген. Екінші қабатта қабырға мен төбе ажырап кеткен, арасы шамамен жарты сантиметрге жеткен, - дейді Жұбаниязова.
Айта кетейік, Сәуле Жұбаниязова - фельдшердің өліміне қатысты қылмыстық істегі басты әрі жалғыз күдіктіге айналып отыр. Ол қызметі жағынан бұл өлім оның кінәсі емес деп санайды. Ал адамгершілік жағынан екі баласы мен қарт шешесінің алдында айыптымын дейді ол.
«МИБ төрағасы ретінде мен бұл жағдайға кінәлі емеспін. Тұрғын үйге иелік етіп, басшы болғаным үшін тек екі балам мен анамның алдында кінәлімін. Балаларыма дені сау, бақытты шеше керек. Сондықтан барлық жағдайды ескере отырып, әділ шешім шығаруыңызды сұраймын», - деді Сәуле Жұбаниязова соңғы сөзінде.
Айта кетейік, ол бұған дейін сот отырысында тұрғын үйді жөндеуға шамамен 600 млн қаржы керек екенін жеткізді.