Бүгін, 12:26
Қоғам

«Екі есе көбейді»: Қазақстандағы колледж студенттері неше теңге шәкіртақы алатыны белгілі болды

Олардың шәкіртақысы биыл 43 мың теңгеге жеткен

«Екі есе көбейді»: Қазақстандағы колледж студенттері неше теңге шәкіртақы алатыны белгілі болды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда 763 колледж бар, ол оқу орындарында 556 мыңнан астам студент білім алады. Колледжд студенттерінің шәкіртақысы биыл 43 мың теңгеге жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлім етті. министрдің айтуынша, соңғы үш жылда мемлекет колледждегі гранттың санын көбейткен.

«Бүгінде елімізде 763 колледж бар,  556 мыңнан астам студент білім алады. Соңғы үш жылда мемлекеттік тапсырыс (грант) 3,7% өсіп, 131,4 мың орынға жетті. Студенттерді әлеуметтік қолдау шаралары да кеңейді. Стипендия мөлшері 2 есеге өсіп, 43 мың теңгеге жетті. Жатақхана да көбейді», - деді Сүлейменова.

Айта кетейік, биыл көктемде Ғылым министрі де университеттегі студенттердің шәкіртақысы көбейеді деп мәлімдеген еді.