Құрылтай депутаттары ант беруге кірісті

Автор: Темірхан Айжан

Құрылтайға 145 депутат сайланды 

Фото: ЖИ

Бүгін Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтіп жатыр. Қазір жаңадан сайланған депутаттар Қазақстан халқына ант беру рәсіміне кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚР Конституциясының 54-ші бабына сәйкес Құрылтай депутаттары Қазақстан халқына ант береді. Осыған байланысты салтанатты түрде ант беру рәсіміне кірісуге рұқсат етіңіздер», – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Еске салайық, Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамызда өтті. Дауыс беруге 9 351 539-дан астам сайлаушы қатысып, сайлаушылардың жалпы белсенділігі 74,08%-ды құрады. Депутаттар партиялық тізім бойынша сайланды.

Сайлау қорытындысы бойынша бес саяси партия Құрылтай құрамына өтті. Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін бекітіп, 145 депутаттың мандатын бөлді.

Оның ішінде «Әділет» партиясы 110 мандат, «Ауыл» партиясы – 10, Respublica – 9, «Ақ жол» партиясы – 8 және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 8 мандат иеленді.

Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл. Олар бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды.