Имамдардың жарысында «Нұрсұлтан» мешітінің наиб имамы ешкімге дес бермей, алға озған (ФОТО)

Автор: Бақыт Шынар

Оларды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттаған

Фото: Мүфтият

Астанада «Үздік имам» атты ІІ республикалық интеллектуалды білім сайысы өткен. Мүфтияттың мәліметіне сүйенсек, бірінші орынды Астанадағы «Нұрсұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Әлиханұлы жеңіп алыпты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екінші орын Қызылорда облысы Қазалы аудандық орталық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Нәби Асқарұлына бұйырды. Ал үшінші орынды Маңғыстау облысындағы «Қосай ата» мешітінің наиб имамы Қуаныш Сайдолла иеленген екен.

Оларды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жеңімпаздарды марапаттап, құттықтаған.

«Республикалық деңгейде екінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға еліміздің ірі қалалары мен облыстарынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 20 имам қатысты. Қатысушылар діни білім деңгейі, уағыз айту шеберлігі, жамағатпен жұмыс жүргізу дағдылары, діни үкім беру, діни сенім, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау бағыттары бойынша сайысқа түсті», - деп хабарлайды Мүфтият.