Тоқаев Астанадағы көрме кезінде оқушылармен суретке түсті

Автор: Бақыт Шынар

Президент цифрлық шешімдер қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісін көрді

Фото: Ақорда

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім болашағы» көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Республикалық тамыз конференциясы аясындағы іс-шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған.

Президентке «Талдау орталығының» жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды. Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.

Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ, ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.