13 жастағы Нұралы Әлхан суға батып бара жатқан 4 жасар баланы құтқарып қалған
Қарағанды облысының полиция департаменті бастығы Нығмет Ысмағұлов суға батып бара жатқан төрт жасар баланы құтқарған 13 жастағы Нұралы Әлханды қабылдап, ерлігі үшін марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға тамыз айының басында Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көлінде болған. Суда ойнап жүрген төрт жасар бала мінген үрмелі матрас желдің әсерінен аударылып, бала суға құлап кеткен. Сол сәтте жағалауда болған 9-сынып оқушысы Нұралы ойланбастан суға түсіп, баланы аман алып қалған.
Полиция басшысы жасөспірімнің батылдығы мен жедел әрекетін атап өтіп, алғысын білдірді.