Ақтауда жаназаға жүзден астам адам жиналған

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмның туыстарына айыппұл салынды

Фото: lada.kz

Ақтауда жаназасына жүзден астам адам жиналған марқұмның туыстарына айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Марқұмның туыстарына қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Маңғыстауда 3 тамыздан бастап карантин талаптары қайта күшейтілген еді.