Ақмола облысында жемқорлық жайлы хабарлаған 7 адам 1 млн теңгеден астам сыйақы алды

Автор: Azattyq Rýhy

1424 Саll-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұрғындарға 1,1 млн теңге көлемінде сыйақы берілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап. 

«Биыл алғашқы жартыжылдықта облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 64 ұсыныс енгізді. Оларды қарау бойынша өткізілген кездесулерге 500-ден астам мемлекеттік қызметші мен түрлі ұйым қызметкерлері қатысты. Қаралған ұсыныстардың нәтижесі бойынша 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды, оның жетеуі жұмыстан босатылған. Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (35 адам), сондай-ақ 7 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді», - деп жазылған хабарламада.

Бұл ретте жазаланғандар арасында 16 басшы болғанын айта кету қажет. Сонымен қатар биылғы алты айда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 7 адам 1 161 520 теңге сомасына ынталандырылды. 

Айта кету керек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттіктің 1424 Саll-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске салады.