ЖСДП өкілдері Жаңаөзендегі медицина саласының мәселелерін талқылады

Автор: Асқарова Қарлығаш

Жиында медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар мен медицина қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды

Фото: видеодан скриншот

ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары Жаңаөзен қаласындағы «Нейрон» емханасында жалғасты. Партия өкілдері медицина қызметкерлері мен тұрғындармен ашық пікір алмасып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жиын барысында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері сөз болды. Сонымен қатар медицина саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындар мен медицина қызметкерлері өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Партия өкілдері жиын барысында айтылған ұсыныстарды тыңдап, сайлауалды бағдарламадағы әлеуметтік бағыттарға қатысты мәселелерге тоқталды.