Алматыда 5 шілдеден бастап 1400-ге жуық адамға айыппұл салынды
Олар карантин талаптарын сақтамаған
Алматыда карантин нормаларын бұзған 1400-ге жуық адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлері арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды. 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес 1 мың 358 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың 120-сы өткен күні анықталды.
«Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету объектілері, тамақтану және т.б.жерлер үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтік шаралар барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіледі» , – деді Алматы полициясының өкілдері.