30 мыңнан астам отбасыға құрбандыққа шалынған мал еті таратылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құрбандық еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға берілді

Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазіргі уақытқа дейін 30 715 отбасыға құрбандыққа шалынған мал етін жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Басқармаға сілтеме жасап.

«Құрбандық еті қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларға таратылды. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар алғыстарын айтып, ризашылық сезімдерін білдіруде. Сондай-ақ, WWW.QURBAN2020.KZ қайырымдылық жобасы аясында құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтар тарапынан да телефон, әлеуметтік желі, уатсап арқылы оң пікірлер келіп түсуде», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Құрбан айттың бірінші күнінде 17 997 отбасыға ет таратылғаны туралы хабарлаған едік.