«Халық қорғаныш маскаларын тағуға міндетті»: Бас санитар Қаулыға өзгеріс енгізді

Автор: Azattyq Rýhy

Адамдардың бәрі жабық нысандарда, көлікте, далада болған кезде маска тағуға міндеттеледі

Фото: beta.egov.kz

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 27 шілдесінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 26 маусымындағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, төмендегідей жағдайларда адамдар маска тағуға міндеттеледі.

- жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т. б.), сондай-ақ көлікте, далада болған кезде барлық адамдарға;

- СОVID-19 күдігі бар адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас ауру белгілері бар адамдарға (дене температурасының көтерілуі, жөтел, түшкіру). 

Қаулыдағы бұл тармақ міндетті орындауды талап етеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда, кінәлі адамға әкімшілік шаралар қолданылады.