Алматының екі ауданында газ бес күнге өшіріледі

Автор: Алмас Ерсін

Газ беру Төле би көшесін ұзарту жұмыстарына байланысты уақытша тоқтатылады

Фото: © istockphoto.com

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде 27-31 шілде аралығында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Төле би көшесін ұзарту құрылысы аясында диаметрі 520 және 720 мм болатын жоғары қысымды газ желілерін қайта орналастыру жоспарланып отыр.

Осы жұмыстарға байланысты 27 шілде сағат 09:00-ден 31 шілде сағат 18:00-ге дейін Момышұлы көшесі, Абай даңғылы, Строительная көшесі, Мөңке би көшесі және Фариза Оңғарсынова көшесі аралығындағы аумақта табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.

Әкімдік аталған аумақ тұрғындарынан қажетті дайындық шараларын алдын ала қабылдап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.