Шымкентте бірқатар шенеунік жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

Автор: Azattyq Rýhy

Қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы күдікке ілінді

sputniknews.kz

Жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша шымкенттік бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды.

«Сонымен, 2018-2019 жылдар аралығында колледжде жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін қалалық білім басқармасының «Музыкалық колледж» МКҚК директорынан 1 млн 200 мың теңге сомасында пара алғаны үшін қалалық әкімдіктің Ішкі аудит қызметінің басшысы әшкереленді. Осыған ұқсас қылмысты жасады деп қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы күдікке ілініп отыр, ол орта мектептің оқу бөлімінің меңгерушісінен оны мектеп директоры лауазымына тағайындауға тест тапсыруына көмек көрсеткені үшін 400 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алған», - деп хабарлайды Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.