$ 521.57  601.01  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.11.2019, 12:52
Қоғам

Павлодарда $100 мың көлемінде пара алды деп айыпталғандар ақталып шықты

«Кінәсіз деп танылсын», - делінген дүйсенбідегі сот үкімінде

Павлодарда $100 мың көлемінде пара алды деп айыпталғандар ақталып шықты
zakon.kz

Павлодарда $100 мың көлемінде пара алды деп айыпталған мемлекеттік кіріс департаментінің (МКД) қызметкерлері ақталды. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды. 

Еске салсақ, 2018 жылдың 31 тамызында аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен Павлодар ооблысы МКД басшысы Ернұр Байғұрманов және осы департаменттің экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы Азамат Бейсенбаев ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің өкілдері нақтылағандай, салық қызметкерлері қылмыстық істі тоқтату және 1,1 млрд теңге көлемінде салықты есептемеу үшін ағымдағы жылдың наурыз айында ЖШС өкілінен 100 мың доллар көлемінде алған параны қайтарып жатқанда ұсталған-мыс. Хабарда айтылғандай, күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарында тінту жүргізіліп, 160 мың доллардан астам қаржы, 10,5 млн теңге және тоғыз жұп аса қымбат швейцариялық қолсағаттар табылған. Сол кезде Байғұрманов пен Бейсенбаев және жедел уәкіл Д.Мағзұмов ұсталған еді.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары «аса ірі көлемде пара алған» деген күдікпен жүргізілген еді.

Серіктес жаңалықтары