Олардың бәрі бір әскери бөлімге тап болған
Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде әртүрлі топта оқыған он жігіт түгелдей Тараз қаласында орналасқан 5513 әскери бөлімінде борыштарын өтеп жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлап отыр. Он жігіт биыл көктемде әскерге шақырылып, қазір бір батальон мен бір ротада бірге қызмет атқарып жатыр.
«Бір-бірімізге үнемі қолдау көрсетеміз. Егер арамызда ине-жіп ұстап көрмегендер болса, әскери киімді қалай тігу керектігін үйретеміз. Әрдайым ақылымызды айтып, көмектесеміз. Біздің достығымыз студенттік жылдары сыннан өтсе, енді оны әскер өмірі шыңдап жатыр», - дейді солардың бірі Дидарбек Үсенов.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жігіттер колледжде алған білімін әскерде де пайдаланып, шыңдалып жатыр.