Егер жағдай тұрақталса сұлулық салондары және шаштараз сияқты нысандардың жұмысы қайта жанданады
Қазақстанда егер ауруханадағы жатын орындардың жүктемесі 70%-дан аспаса, коронавирус анықталғандар мен одан көз жұмғандар саны азайса, 3 тамыздан бастап карантиндік шараларды біртіндеп жеңілдетуге болады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, мұндай жағдайда келесі нысандардың жұмысын қайта жандандыруға рұқсат беріледі.
Министр баяндағандай, қоғамдық көліктер 50%-дан артық толмауы керек және онда кондуктор жұмыс істеуі керек.
«Сонымен бірге, ашық аспан астында арақашықтықты сақтап жаттығу өткізуге болды. Ұлттық құрамалардың 30 адамнан артық емес жиналып, топтық жаттығу өткізуіне рұқсат. Көшеде, паркте 3 адамнан артық топтасып жүрмеу керек. Қоғамдық көліктер 50%-дан артық толмауы керек. Адамдар автобуста маска тағады, кондуктор жұмыс істейді», - деп қосты Цой.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік және басқа да кеңселік қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуді жалғастырады. Сондай-ақ келесі шаралар мен нысандардың жұмысына әзірге рұқсат етілмейді:
Алексей Цой Үкімет басшысынан осы ұсыныстарды ведомствоаралық комиссияға енгізуді сұрады.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан