Бүгін, 11:55
Қоғам

Қарақия әкімдігі алты бала туған әйелге «Күміс алқа» бергісі келмеген: іске прокуратура араласты

Батыр ана 2023 жылдан бері өзінің осы мәртебесін дәлелдей алмай келген

Қарақия әкімдігі алты бала туған әйелге «Күміс алқа» бергісі келмеген: іске прокуратура араласты
Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімдігі алты бала өсіріп отырған балаға «Күміс алқа» бергісі келмеген. 2023 жылдан бері осы мәртебесін растай алмай келген ана ақыры прокуратураға жүгінуге мәжбүр болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысының прокуратурасы хабарлағандай, азаматша 2023 жылы «Күміс алқа» алу үшін өтініш берген. бірақ, ауданның уәкілетті органдары оның өтінішін ұзақ жылдар қарамай келген.

«Амалы таусылған батыр ана ақыры Маңғыстау облысының прокуратурасына жүгінген. Облыс прокуратурасының сүйемелдеуімен қажетті құжаттар рәсімделіп, уәкілетті органның қарауына жолданды. Уәкілетті орган биыл сәуір айында көпбалалы анаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасы салтанатты түрде табыстаған», - деп хабарлайды прокуратура.

Айта кетейік, қазіргі заңнамаға сай, Қазақстанда «Күміс алқасы» бар азаматтар негізгі жәрдемақысына қоса ай сайын 27 680 теңге жәрдемақы алады. «Күміс алқа» алты бала туып, оларды тәрбиелеген аналарға беріледі.