Науқастарға өкпені жасанды желдету аппараттары жетіспей жатыр
Қостанай облысында пневмониямен ауырғандар қатары күрт артқан. Тек соңғы 7 тәулікте дәрігерлер 3 мыңнан атсам адамға осындай диагноз қойған. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда екі есеге көп деп хабарлайды «Хабар-24».
Науқастар санының күрт артуынан өкпені жасанды желдету аппараттары жетіспей жатыр. Өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлер ауруханаларға көмек көрсетуде. Өңірдегі компаниялардың бірі аудандық ауруханаларды оттегі баллондарымен қамтамасыз етсе, облыстық аурухана да бизнесмендер көмегіне жүгінген.
«Бүгінге дейін біз 240 оттегі баллонын шығардық. Шамамен 360 баллон шығара алатын үшінші желіні қосу үшін қазір жұмыс істеп жатырмыз. Ол қосылса бүкіл облысты қамтамасыз ете аламыз. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз», - дейді өңірдегі агрохолдингтің бас директоры Айдарбек Қожаназаров.