26.07.2020, 00:53
Қоғам
Академик Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды
Ол 82 жасында көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Академик, экономист-ғалым Кенжеғали Сағадиев қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«25 шілде күні 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев көз жұмды. Өкінішке қарай, кең тараған ауру біздің отбасымызға да жетті. Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Барлық қоштасу шаралары тура бір жылдан кейін, 2021 жылы 25 шілдеде өтеді», - деп жазылған Сағадиевтер отбасы таратқан хабарламада.
Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысының Жангелді ауданында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996).
Көп оқылған
08.03.2026, 12:47
Алматыда референдумға қатысты жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды
08.03.2026, 11:12
Ауа райына байланысты бірнеше облыста жолдар жабылды
08.03.2026, 16:51
Қазақстандық бойжеткен Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
08.03.2026, 08:15
Түркістан облысында 3 жасар бала әжетхана шұңқырына құлап кетті
08.03.2026, 11:38
Ақмола облысында жолда қалған автобустан 49 жолаушы эвакуацияланды