25.07.2020, 18:17
Қоғам
Елордадағы №2 аурухананың бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды
Ол COVID-19 вирусын жұқтырған ондаған адамның өмірін аман алып қалған
astanaclinic.kz
Нұр-Сұлтанда қалалық №2 көпсалалы аурухананың бас дәрігері Иван Иванович Ли қайтыс болды. Ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады.
Белгілі болғандай, дәрігер вирус жұқтырған науқастарды емдеймін деп жүріп өзі де ауырып қалған. Оның өліміне коронавирус себеп болды.
«Иван Ли өз ісінің кәсіби маманы. Ол осы күнге дейін көптеген адамның өмірін аман алып қалған білікті жан. Коронавируспен күрес басталған күндерден-ақ ол алғы шептен табылды. Оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді әкімдік өкілдері.
Иван Иванович Ли 60 жасқа қараған шағында көз жұмды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды