ҰБТ-2026: Қазақстан бойынша ең жоғары балл жинаған талапкерлер анықталды

Автор: Бақыт Шынар

Ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық қорытындысы жарияланды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрлігі республика бойынша өтіп жатқан Ұлттық бірыңғай тестілеудің кезекті қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, маусым айының ортасына дейін елімізде мыңдаған талапкер бағын сынап үлгерді. Республика бойынша ең жоғары көрсеткіш – 137 балл.

Министрлік тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін бірнеше талапкердің нәтижесі жойылғанын және аудиториялардағы қауіпсіздік пен ашықтық шаралары қатаң бақылауда екенін ескертті.

Айта кетейік, министрлік сондай-ақ тестілеудегі тыйым салынған заттар туралы да есеп берген еді.

Тегтер: