«Былтыр 1,5 млн адам келген»: ғылым зерттеуге сай, Бурабайға жылына тек 890 мың адам бару керек болып шықты
Бұл туралы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми сайты хабарлады
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ресми парақшалары бұл курорт жылына тек 890 мың адамды қабылдау керегін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған байланысты, парктің қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар мен полиция, сондай-ақ әкімдік пен ТЖМ өкілдері аймақта үнемі рейд жүргіземіз дейді.
«Бақылауды күшейтуге туристердің жыл сайынғы легі себеп болып отыр. Ғылыми зерттеуге сай, туристік локацияның негізінде Бурабайға жылына тек 890 мың адам келу керек. Алайда, былтыр курортқа 1,5 млн адам келген. Биыл одан да көп болады», - деп дабыл қаққан ұлттық парктің қызметкерлері
Мамандардың айтуынша, жыл сайынғы адамдар саны межеден асып кеткен соң, ұлттық парктің экожүйесіне айтарлықтай қауіп төніп отыр.
«Топырағы деградацияланып, өсімдіктің өсуіне кері әсер иеді. Көлдің жағасына түсетін салмақ та күшейіп, табиғат ластанады», - деп дабыл қаққан мамандар.
Сондықтан, рейд жүргізген олар 11 маусымға дейін Бурабай курортында 85 адамға әкімшілік айыппұл салған. Олардың көбі орман ішіне от жағып, жан-жағын ластап кеткендер.