Туристер картаның ішіне аз ақша салып, қаланы қоғамдық көлікпен аралай алады
Астана әкімдігі қалаға келетін туристерге ыңғайлы болу үшін ішіндегі балансы әлдеқайда арзан жол карталарын сата бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Астана әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, туристерге арналған карта үш түрге бөлінеді: біріншісі – қызғылт сары карта. Бұл карта 5 сапарға есептелген, бағасы – 1 550 теңге. Көгілдір карта 10 сапарға арналған, құны – 2 110 теңге. Ал көк түсті карта 15 сапарға жарамды және 2 650 теңгеге сатылады,
Туристер бұл карталарды әуежайдағы дүңгіршектерден сатып алып, Астананы қоғамдық көлікпен қыдыра алады, деп сенеді әкімдік өкілдері.