Оқу-ағарту министрлігі енді оқушылардың мектепке ұялы телефон әкелу-әкелмеу мәселесін өзі реттеуге құқылы

Автор: Бақыт Шынар

Бүгін президент бірнеше заңға қол қойған

Фото: istockphoto.com

Енді Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың мектепке ұялы телефон әкелу-әкелмеу мәселесін өзі реттеуге құқылы, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Бұл туралы бүгін президент қол қойған заңды түсіндіре отырып, министрлік мәлімдеген.

«Президент педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды. Түзетулердің жеке блогы мектептерде ұялы байланыс құрылғыларын пайдалануды реттеуге арналған. Оқу-ағарту министрлігіне орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ұялы байланыс құрылғыларын пайдалану қағидаларын бекіту өкілеттігі беріледі», - деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.

Айта кетейік, бұған дейін біз хабарлағандай, енді осы заң күшіне енгеннен кейін мұғалімдер мектептен тыс жерде баланың өміріне жауапты болмайды.