13-14 маусым күндері Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір жағы жабық болады
Ертең, 13 маусым мен жексенбі 14 маусым күндері Астанадағы Керей-Жәнібек хандар көшесінің бір бағыты жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің баспаөз қызметі хабарлағандай, көшедегі асфальбетон қайтадан төселеді.
«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарына мынаны ескертеді: 13-14 маусым күндер Бөкейхан көшесінен Әл-Фараби даңғылы дейінгі учаскеде, Керей-Жәнібек көшесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабаты төселеді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп хабарлайды дереккөз.
Асфальбетонның жаңа қабаты төселіп біткенше көліктер ірі көшенің бір жағымен ғана жүреді.