Бүгін, 11:50
Қоғам

Қызылорда облысында 13 мектептің директоры балаларға қауіп төндірген

Осы мектептің оқушыларын тасымалдайтын автобустардың ақауы бар болып шыққан

Қызылорда облысында 13 мектептің директоры балаларға қауіп төндірген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы 13 мектептің оқушыларын тасымалдаған автобустардың қауіпті ақаулары бар болып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл білім беру ұйымдары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Атап айтқанда, аудан бойынша 13 мектепте балаларды тасымалдау барысында заңнама талаптары сақталмай, оқушылардың қауіпсіз ортада білім алу және тасымалдану құқықтары бұзылған. Тексеру барысында кейбір білім беру ұйымдары мектеп автобустарына қауіпсіздік сигналын орнатпаған, дабыл батырмаларын қоспаған,  жылдамдықты шектеу құрылғыларын қолданбаған. Кейбір автобусты тіпті медициналық тексеруі жоқ адамдар жүргізген», - деп хабарлайды прокуратура.

Айта кетейік, жуырда біз Ұлытау облысындағы бір мектептің директоры ес-ақылы кем туысына мектеп автобусын тізгіндетіп қойғанын жазған едік.