Ордабасы ауданында 100 адамға шақталған провизорлық орталық әзірленіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Нысан тамыз айында пайдалануға берілмек

Фото: Түркістан облысы ӨКҚ

Ордабасы аудандық орталық аурухана жанынан 100 адамға шақталған провизорлық орталық әзірленіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, аудандық аурухананың бұрынғы ғимараты жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен толық жөндеуден өтуде. Нысан тамыз айында пайдалануға берілмек. Орталықтың жалпы аумағы – 1500 шаршы метр.