«Nur Otan» депутаты Семейдің жедел-жәрдем қызметіне 5 млн теңге көмек берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол сондай-ақ, тағы бір провизорлық орталыққа 2 оттегі концентраторын алып берген 

Шығыз Қазақстан облысы мәслихатының депутаты Асемқан Дүскіжанов коронавируспен күресте жергілікті емдеу мекемелеріне ақшалай және қажетті аппарат сатып беріп, көмек көрсетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Асемқан Дүскіжанов – Семей қаласындағы «СемАЗ» ЖШС және «Азия» ЖШС-ларының бас директоры, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес бюросының мүшесі. Коронавируспен күресте әлеуметтік жауапкершілік танытқан кәсіпкер Семей қаласының жедел жәрдем ауруханасына 5 млн теңге көлемінде ақшалай көмек, ал жұқпалы аурулар ауруханасы мен провизорлық орталыққа жалпы құны 1 млн теңге болатын 2 оттегі концентраторын алып берген. 

 «Қазіргі қиын жағдайға байланысты, біз дәрігерлер мен халыққа тек рухани қолдау танытпай, материалдық көмек көрсетуге тырысып жатырмыз. Індеттің ел бойынша өршіп кеткені алаңдатып отыр. Бұл індетті тек күш біріктіріп қана жеңеміз», - дейді ол. 

Өз кезегінде, Семей қалалық жедел жәрдем ауруанасының бас дәрігері Ерлан Бүркітов әріптестері мен халық атынан кәсіпкерге алғыс айтты. 

«Облыстық мәслихат депутаты, қаламызға белгілі кәсіпкер Асемқан Дүскіжановқа ауқымды көмегі үшін дәрігерлер атынан алғыс айтамын. Осындай қиын кезеңде күндіз-түні қызметте жүрген дәрігерлер үшін бұл үлкен қолдау», - дейді Бүркітов.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәрігерлерді қолдау үшін «Nur Otan» партиясы ауқымды іс-шаралар өткізіп тұрады.