Бұл туралы цифрлық даму министрлігі хабарлап отыр
Қостанай облысындағы Басбек ауылына бірінші рет интернет тартылған. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, ауыл халқы басқа қала мен облыстардағы туыстарына бейнеқоңырау шалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, ауылға қоғамдық Wi-Fi нүктесін тартылған және ол «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының аясында тартылған.
Жалпы, министрлік хабарлағандай, Ұлттық жоба аясында OneWeb жүйесі бойынша 328 ауыл интернетке қосылған көрінеді.