Еріктілер карантин кезінде не істегендерін айтты
Қазақстанда коронавирус пандемиясы уақытында дәрігерлермен және әскерилермен қатар, волонтерлар да азаматтарға көмек көрсетуде орасан еңбек еткен. Еріктілердің карантин кезіндегі жұмысы туралы «Ұлттық еріктілер желісі» заңды тұлғалар бірлестігі төрайымы Вера Ким айтып берді.
Төтенше жағдай кезеңінде ұйым барлық волонтерлық топтарды жинап, шұғыл желі ашып, 2000-нан аса қоңырау қабылдаған. Барлығы 851 отбасыға көмек көрсетілген.
«Көмек сұрайтындардың көбі адал, таза адамдар екені қуантады. Себебі, біз көмекті алып барайын деп жатқанда азық-түлік немесе дәрі-дәрмекті басқа ұйымдардан алып қойғанын айтып, енді оны нағыз мұқтаж адамдарға беруімізді сұрағандар болды. Қазір блок-бекеттердің бәрі ашық болғандықтан, біз жаппай көмек көрсетуді шектедік. Тек сұрағандарға, қатты мұқтаж болғандарға ғана азық-түлік апарып жатырмыз. Көмектің көбі онлайн-форматқа көшті», - деді В. Ким сәрсенбідегі брифингте.
Еріктілер азық-түлік тиеу, мекенжайға жеткізу секілді түрлі жұмыстар істеген. Үйден шыға алмай қалғандар үшін дүкенге барып-келіп жүрген. Көмек көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, қарттар мен мүгедектерден бөлек, дәрігерлер отбасыларына да көрсетілген.
«Кейде ауруханалар екі аптаға карантинге жабылып қалып жатты. Әсіресе, кіші медициналық қызметкерлердің отбасы лары қиын жағдайға тап болды. Біз медбикелердің, жедел-жәрдем көлігі жүргізушілерінің балаларына сол кезеңдерде ыстық тамақ жеткіздік. Азық-түлік апарып тұрдық. Балаларды қашықтан бақылап, қарап отырдық. Осылайша, дәрігерлердіңеш алаңдамай, науқастарға көмек көрсетуіне жағдай жасауға тырыстық», - деді бірлестік басшысы.
«Жас ұлан» БЖҰ төрайымы Динара Сәдуақасованың сөзінше, еліміздегі ең жас ерікті – 14 жастағы бала, ең кәрі волонтер 80-нан асқан Күлән апай.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан