Қазақстандықтар шілде айында тоғыз күн демалатын болды

Автор: Бақыт Шынар

Астана күніне орай, ел тұрғындары қатарынан үш күн демалады

Фото: © magnific.com / legionarius1981

Қазақстандықтар шілде айында 9 күн демалады. Ал, Астана күніне орай қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл Астана күні, яғни, 6 шілде дүйсенбіге түсіп тұр. Бұл мемлекеттік мереке болған соң, қазақстандықтар демалады.

Ал, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 4,5,6 шілде күндері, яғни, қатарынан үш күн демалады.

Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар тек 5 шілде мен 6 шілде күні демалады.