Бүгін, 10:00
Қоғам

Енді қазақстандықтар әйелі мен әке-шешесіне көлігінің ескі тіркеу нөмірін сыйға бере алады

Сондай-ақ баласына, ата-әжесі мен немерелеріне де ресми түрде сыйға бере алады

Енді қазақстандықтар әйелі мен әке-шешесіне көлігінің ескі тіркеу нөмірін сыйға бере алады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ішкі істер министрлігі көліктерді мемлекеттік тіркеуге қатысты бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, бірқатар ережелерді жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сол бұйрыққа сәйкес, енді қазақстандықтар көлігін ауыстырған кезде, оның ескі нөмірін жақындарына сыйға бере алады.

Ереже бойынша, бұрын қолданыста болған нөмірді бөгде адамға бере салуға мүлдем тыйым салынады. Тек мына жақын туыстар арасында ғана қайта рәсімдеуге рұқсат бар:

  • Жұбайына (заңды некеде тұрған зайыбы немесе күйеуі);
  • Балаларына немесе ата-анасына (соның ішінде асырап алушылар мен асырап алынған балаларға);
  • Туған бауырларына (бір әке-шешеден туған немесе әкесі бір/шешесі бір өгей бауырлар);
  • Ата-әжесіне немесе немерелеріне;
  • Көлік иесі қайтыс болған жағдайда — заңды мұрагеріне.

Бұйрыққа сай, ескі нөмірін туысына бергісі келген адам Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы немесе цифрлық платформалар арқылы өтініш жазып, туысы екенін дәлелдейтін құжаттар ұсынуы керек.