Экологтар теңіз суынан сынама алып, итбалықтардың қырылу себебін анықтап жатыр
Ақтауда Каспий жағалауынан тағы да өлі итбалықтар табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экологтар су сынамаларын алып, тексеруге жіберді. Ал қырылған жануарлардың нақты саны әлі анықталып жатыр.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаменті хабарлады. Өлі итбалықтар 24 мамыр күні 1Б шағынауданының ар жағындағы «Шағала» демалыс аймағы маңындағы жағалаудан табылған. Қазіргі уақытта табылған өлекселердің нақты саны айтылған жоқ.
Маңғыстау облысы экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз суынан сынама алған. Тексеру қорытындысы кейінірек жарияланады.