«Qazaq Air» әуе компаниясы аптаның тақ күндері жолаушы тасымалдайды
«Qazaq Air» әуе компаниясы ішкі туристік бағыттар бойынша тасымалдауға сұранысты қанағаттандыру мақсатымен 20 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бір бағыт бойынша билет құны - 16 000 теңге. «SCAT» әуе компаниясы орындайтын аптасына 7 рейске, «Qazaq Air» әуе комппаниясы орындайтын қосымша 4 рейске рұқсат етілді. Қазір аталған әуе бағыты бойынша аптасына барлығы 11 рейс орындалады.
«Qazaq Air» әуе компаниясы аптаның тақ күндері: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері жолаушы тасымалдайды. «Bombardier» әуе кемесінің сыйымдылығы - 76-дан 86 орынға дейін.