Олардың 67 пайызы қазақ тілінде тест тапсырған
2026 жылдың 10 мамыры мен 17 мамыры аралығында Қазақстанда 41 мың түлек Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, талапкерлердің 67% тестілеуді қазақ тілінде, 33% орыс тілінде және 103 адам ағылшын тілінде тест тапсырған.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, осы бір апта ішінде осы талапкерлердің 57% шекті балл жинаған. Орташа балл – 58, ал осы апта ішіндегі ең жоғарғы балл – 138.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, осы түлектер арасында түлектер арасында смарт-көзілдірік киіп келген балалар болған.